$ 443.35  475.54  4.82

Алматыда ірі жол апаты болып, бірнеше адам зардап шекті

Алматыда Райымбек даңғылы мен Момышұлы көшесінің қиылысында ірі жол апаты болды деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы «Территория происшествий» бағдарламасы.

Куәгерлердің айтуынша, Mercedes-Benz жүргізушісі Момышұлы көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, белгісіз себептермен қарсы жолаққа шығып кеткен.

Нәтижесінде оңтүстік бағытта келе жатқан Mercedes-Benz W211 жүргізушісімен соқтығысқан. Алған соққыдан Mercedes LADA көлігіне қарай ұшып кетіп, манипуляторға барып соғылған. Кейінірек Mercedes-Benz жүргізушісі Toyota көлігіне барып соғылған. Салдарынан Toyota № 57 бағыттағы автобусқа қарай ұшып кетіп, біраз уақыттан соң Nissan көлігіне барып соғылған.

Жол апаты салдарынан бірнеше адам зардап шеккен, олардың ішінде бала да бар.

Дереккөз: Тengrinews.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары