Аршалы ауданының Константиновка ауылындағы ЖШС-нің аумағынан 24 тонна астық ұрланып, 1 миллион теңгенің шығыны келген деп хабарлайды ІІД баспасөз қызметі.
Полицейлердің дерегі бойынша осы ұрлыққа қатысы бар Константиновка ауылының төрт тұрғыны ұсталған.
«Күдіктілер қылмыстарын мойындады. Ұрланған астықтың бір бөлігі тәркіленіп, иесіне қайтарылды. Тергеу амалдары кезінде астықтан бөлек жанар-жағар майдың да қолды болғаны анықталды. Қазіргі кезде тергеу амалдары жалғасуда», – деп түсіндірді ведомстводан.
Дереккөз: ҚазАқпарат