$ 494.87  520.65  4.91

Талғат Ермегияевтің үйқамақтағы мерзімі ұзартылды

«Астана ЭКСПО 2017» ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Талғат Ермегияевтің үйқамақтағы мерзімі ұзартылды.

Астана қаласының Алматы аудандық №2 соты  Қылмыстық Кодекстің 176-бабы 4-бөлігі, «б» тармағында көзделген қылмысты жасағаны үшін күдікті деп танылған Талғат Ермегияевқа  қатысты бұлтартпау шарасын қолдану мерзімін ұзарту туралы прокурормен келісілген тергеушінің қолдаухатын қанағаттандырды.

Бұл туралы Астана қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

2015 жылғы 25 тамыздағы сот қаулысымен оған қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану мерзімі 4 айға, яғни 2015 жылғы 12 қазанға дейін ұзартылды.

Еске сала кетейік, 12 маусымда «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы басқармасының бұрынғы төрағасы Талғат Ермегияевті үй қамауына алу туралы санкцияны Астана қаласы Алматы ауданының №2 аудандық соты берген. Мұндай бұлтартпау шарасын сотқа дейінгі тергеу органдары мен прокуратура ұсынды. Талғат Ермегияевқа Қылмыстық Кодекстің 176-бабы бойынша айып тағылып отыр.

 
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары