Қостанай облысында іздестіріліп жатқан Анара Хидирова мен оның ұлы көрші кенттен табылды деп жазады ҚазАқпарат.
«17 қазан күні Әулиекөл АІІБ 30 жастағы Анара Хидирова мен оның баласы Арсен Сантайға іздеу жариялаған. БАҚ-та әйел мен баланың толық сипаттамасы таратылды. Жедел-іздестіру барысында полиция қызметкерлері оларды бір кезекшілік тәулікте тауып алды. Олар көрші кенттегі таныстарының үйінде болған екен», - деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметінен.
Еске сала кетейік, біз бұған дейін 30 жастағы Анара Хидированың 2008 жылғы ұлымен бірге 16 қазан түнде үйінен кетіп, қайтып оралмағаны туралы жазған болатынбыз.