Лай су ішіп отырмыз! Осылай деген Қызылорда тұрғындары Sn.kz ақпараттық порталының тілшісіне арнайы видео жолдады.
Қызылорда қаласындағы Тасбөгет кентінің тұрғындары бірнеше айдан бері берекеміз қашты деп отыр.
«Суды ішу мүмкін емес. Арықтың суының дәмі шығады. Жағдайы келгендер дүкеннен су сатып алып ішіп отыр. Жағдайы нашарлар амал жоқ, ішіп отыр барын», - дейді атын жарияламауын өтінген Қызылорда тұрғыны.
Sn.kz тілшісі Қызылорда су жүйесінің басшысы Тілеуберген Таныбетовке хабарласты. Жауапты орган бұл жағдайдан хабарсыз боп шықты.
«Осыдан 2 күн бұрын жылыту маусымы басталды. Мүмкін су әлі тазарып үлгермеген болар. Зертханада арнайы жұмыстар жүргізіп, себебін анықтайтын боламыз», - деген ол мәселенің ең жақын күнде шешілетініне сөз берді.