18.10.2018, 11:20

9 жасар баласын өлтірген әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалды

Ақтауда 9 жасар баласын өлтірген әйелге қатысты «Кісі өлтіру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде деп жазады Тumba.kz.

Өз ұлын өлтірді деген күдікпен ұсталған әйел өзіне тағылған айыптарды толықтай мойнына алған. Қазір ол тергеу изоляторына қамалды. Болған оқиғаға байланысты сот-медициналық және психикалық ауытқулар бойынша сараптама жасалу тапсырылды. Айта кетсек, екі күн бұрын Ақтауда жас әйел 9 жасар баласын бундырып өлтірді деген күдікпен ұсталған болатын.

Оның мұндай қылмысқа баруына не себеп болғаны әлі белгісіз.