26.08.2015, 04:40

Ресей 614 тонна шетелдік тауарларыды жойды

7kun.kz

6 тамыздан бастап Ресейде 614 тонна санкциялық тауар жойылған. Россельхознадзордың хабарлауынша, ұсталған 595 тоннада 555 тонна контрабандалық тауарлар, сондай-ақ мал шаруашылығы өнімдерінің 59 тоннасы жойылған.

Соңғы тәулік ішінде 2 тонна өнім жойылды. Осыдан бір күн бұрын 6 тонна тауар қоқысқа тасталған еді.

Еске салайық, 29 шілдеде Ресей президенті Ресейге қатысты экономикалық санкция салған мемлекеттерден келетін ауыл шаруашылық өнімдерін РФ-ға кіргізуге тыйым салып, жою туралы үкімге қол қойды.

Аталған шешімді іске асыруға жауапты ретінде Федералды кедендік қызмет, Россельхознадзор және Роспотребнадзор бекітілді. Азық-түлік эмбаргосы АҚШ, ЕО, Аустралия, Норвегия және Канада елдеріне қатысты салынған. 3 тамыздан бастап бұл тізімге Албания, Черногория, Исландия, Лихтенштейн және Украина енгізілді.

 
Тегтер: ресей тауар