Жаңалықтар 19.10.2018 сағат 11:26  567

Алматыда жүк көлігі зейнеткерді қағып өлтірді

Алматыда жүк көлігінің жүргізушісі жолда күтпеген жерден пайда болған әйелді қағып кетті. Көп тонналы фура тоқтап үлгермей, зардап шегуші  доңғалақтың астында қалып қойған деп жазады Sputniknews.kz.

Алматыда жүк көлігі зейнеткерді қағып өлтірді
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Жол апаты күннің екінші жартысында Солтүстік айналма жолы және Победа көшелерінің қиылысында болды.

Куәгерлердің айтуынша, жүк көлігінің жүргізушісі Победа көшесімен оңтүстікке қарай төмен жылдамдықпен жүріп бара жатқан. Осы кезде реттелетін жол қиылысында 65 жастағы әйел күтпеген жерден жолға қарай жүгірген. 

Фура жүргізушісі тежегішті басу арқылы төтенше жағдайға жол бермеуге тырысқан, алайда автокөлік жаяу жүргіншіні басып өтіп бір-ақ тоқтаған.Әйел оқиға орнында көз жұмды. 

Қазіргі таңда жедел-тергеу тобының қызметкерлері кінәліні анықтау үшін оқиға куәгерлерінен жауап алып жатыр. Ол үшін кім жол ережесін бұзғанын және бағдаршамның тыйым салынған белгісін елемегенін анықтау маңызды. 

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар