Жаңалықтар 19.10.2018 сағат 12:24

Еліміздің үш облысында жел күшейіп, үсік жүреді

Елімізде ауа райына байланысты үш облыста ескерту жарияланды деп хабарлайды Қазгидромет.

Еліміздің үш облысында жел күшейіп, үсік жүреді
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Синоптиктердің болжауынша, 20-22 қазанда Ақмола облысының кей жерлерінде екпіні 15-20 м/с жетеді.

Сонымен қатар, Астана қаласында 20 қазанда түнде және таңертең тұман түседі, көктайғақ күтіледі, 20-22 қазанда оңтүстік-батыстан жылдамдығы секундына 15-20 метрге жететін күшті жел соғады.

20 қазанда Қостанай облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, оның жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

20-21 қазан күндері түнде Жамбыл облысының кей жерлерінде 3 градус үсік жүреді. Сондай-ақ, Тараз қаласында 20-21 қазанда түнде 1-3 градус үсік сақталады.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар