Жаңалықтар 20.10.2018 сағат 09:16  634

Шымкент тұрғыны желіге бала сататыны туралы хабарландыру жариялаған

Шымкентте «ВКонтакте» әлеуметтік желісінде балалар саудасы туралы хабарландыру жариялаған тұрғын іздестірілуде деп жазады ҚазАқпарат

Шымкент тұрғыны желіге бала сататыны туралы хабарландыру жариялаған
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қаланың полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, балалар саудасы туралы хабарландыруды жергілікті тұрғындар байқап қалған. Артынша олар полицияға хабарласып, мән-жайды анықтауды сұрапты.

«13 қазанда полицияға қала тұрғындары шағымданып, ғаламтордан көргендерін айтты. Шұғыл шаралар жүргізілді. Аталған хабарландыруды жариялаған тұлға іздестіріліп жатыр. Алайда ол адам бірден желідегі парақшасын өшіріп тастаған. Сондықтан әзірге оның тұлғасын анықтау мүмкін емес», – дейді департаменттің баспасөз қызметінің басқарушысы Әсел Сәденова.

Қазіргі уақытта аталған оқиғаға қатысты ҚР ҚК 12-бабы 1-тармағына (Адам саудасы) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Істің құпиялылығына байланысты, басқа мәлімет берілмеді.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар