$ 481.84  531.33  5.07

Керчте сүйіктісін жоғалтқан жігіт өзін терезеден лақтырып жіберді

Керчьтегі жарылыста Виктория Демчук есімді сүйіктісін жоғалтқан жігіт өзін терезеден лақтырып жіберді деп жазады Звезда.

Оқиға 20 қазан күні болған. Түн ауа жігіт әлеуметтік желідегі парақшасына 21 жастағы марқұм Викторияны сүйетінін жазған. Біршама уақыт өткен соң оның өзін өлтірмек болғаны белгілі болған. Жігіт аман қалды. Ауруханаға жеткізілген оған хирургиялық операция жасалды.

Еске сала кетейік, 17 қазан күні политехникалық колледжде төртінші курс студенті Владислав Росляков шабуыл жасаған болатын. Кей деректер бойынша, ол оқудан шығарылыпты. Бәлкім кек алу үшін шабуыл ұйымдастырған болуы мүмкін. Колледжге екі жарылғыш зат әкеліп, біреуін ғана қолданған. Кейін өз-өзіне қол жұмсаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары