$ 490.84  536.88  5.04

Семейде төсекке таңылған мүгедек қайырымдылық қорына ақша аударды

Аружан Сайын семейлік мүгедек жанның қайырымылыққа ақша бергенін жария етті.

«Біраз уақыт бұрын кабинетке қыз бен жігіт кіріп келді. Мен банктен есепшот ашу керек екенін айтып жатырмын. Олар ақша аударғысы келетіндерін айтты. Әжесі қайтыс болып, 19 мың теңгені біздің қорға аударуды тапсырған екен. Мен жылап жібердім. Адамдардың бізге деген сенімі. 19 000 мың теңге болса да бізге қажет. Бүгінде аққан ауруына шалдыққан 1 жарым жастағы Кирилленко Кириллдің химиялық терапия алғаны үшін 25 мың теңге төледік», – деп жазады Аружан Саин желідегі парақшасында.

Айтуынша, бұл қаражатты Жұмаділов Ерлан Жаңабілұлы өз зейнетақысынан төлеген. Ол өмір бойы электрик болып жұмыс істеген. 2005 жылы ауыр дерттің салдарынан мүгедек болып қалды. Өздігінен жүріп-тұра алмайды. Алайда өз ауруына қарамастан қатерлі дертті жеңе алмаған ағасы мен әпкесінің құрметіне осы дертке шалдыққан балаларға көмектескісіп келеді.

«Ол 2016 жылы Семейде әлеуметтік көмек көрсету орталығында тұра бастаған. Онда зейнет жасына жеткендер мен мүгедектерге, күтім керек етілетін жандарға қызмет көрсетеді. Ерлан Жаңабілұлыкөп уақытын төсекте жатып өткізгенімен, ол жергілікті еріктілерден құралған «Қарттар балалар үшін» тобына кірген. Көмекке мұқтаждарға көмектесуді ұмытпайды.

Ерлан Жаңабіловке пен өзгелерге көмек қолын созып жүрген осы мекеме қарттарына алғыс айтамыз! Сіздерде бәрі жақсы болса екен. Ерлан Жаңабілұлы, бізге қолғанат болғаныңызға рахмет!», – дейді Аружан Саин.

Дереккөз: Stan.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары