Қостанай облысы Наурызым ауданында мал базасы өртенді деп хабарлайды Қостанай облысы ТЖД-нің баспасөз қызметі.
Өрт 21 қазан күні таңғы сағат 05:30-да Буревестник аулынына 25 шақырым жердегі мал базасында шыққан.
«Өрттің жалпы аумағы − 600 шаршы метр. 6 сарай өртенді. 1 жылқы мен 4 бұзау өлі табылды», - дейді төтеншеліктер.
Өртің себебі анықталып жатыр.
Дереккөз: Alau.kz