Жаңалықтар 22.10.2018 сағат 05:57  550

Алматы облысында төрт ай бұрын жоғалған оқушы өлі табылды

Алматы облысында 29 маусымда жоғалған Иса Бекбаевтың өлі денесі табылды. 13 жастағы оқушының мүрдесін сот-медициналық сараптамаға алып кетті деп жазады ҚазАқпарат.

Алматы облысында төрт ай бұрын жоғалған оқушы өлі табылды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметінің өкілі Азамат Жұртбаевтың айтуынша, баланың мәйітін жергілікті тұрғын өзен жағасынан кездейсоқ көріп қалған.

«Баланың денесі Үштөбе қаласындағы Қаратал өзенінің жағасынан табылды. Мәйітті сараптама жасау үшін мәйітханаға алып кетті», - деді А. Жұртбаев.

Естеріңізге сала кетейік, 29 маусым күні жоғалған. Ол досымен балық аулауға кетіп, сол күйі үйіне оралмаған. 13 жастағы баланы облыс құтқарушылары 16 күн бойы іздеп, жұмыстары нәтиже бермеген еді. Сол себепті баланы іздеу тоқтатылғаны жөнінде оның ата-анасына ресми хат арқылы хабарланған. Бірақ баласы «Қаратал өзеніне ағып кетті» дегенге сенбеген ата-ана облыстық ІІД-ге арнайы барып, басшылығынан іздеуді кешенді түрде жүргізуді сұрады. Тәртіп сақшылары іздеу жұмыстары қайта жалғастырған болатын.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар