$ 494.87  520.65  4.91

«Бірінде пышақ, екіншісінде тапанша»: Алматы полициясы жанжалдасқан жүргізушілерге қатысты пікір білдірді

Алматы полицейлері суық қару ұстаған жүргізушілерді қылмыстық жауапкешілікке тартты деп жазады NewTimes.kz.

Департаменттегілер оқиғаның 21 қазан күні Райымбек даңғылында болғанын айтады. Жүргізушілер жолға таласқан боп шықты.

«Өткен-кеткен адамдардың бұған бей-жай қарамағынының арқасында қылмыс болмады.

Nissan Maxima автокөлігінің иесі сол кезде қолына баллон кілтін, ал Mercedes автокөлігінің иесі «Премьер 4» пиромеханикалық қаруын алып шыққан», - деп пікір білдірді полиция полковнигі Дархан Мұсанов.

Қазіргі таңда ҚР ҚК 293-бабы 1-бөлігі (бұзақылық) бойынша тергеу басталды. 27 және 28 жастағы екі азаматтың қолындағы қарулары тәркіленді.

Бұған дейін жол ортасында жанжалдасқан екі жүргізуші жайлы жазған болатынбыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары