Алматы полицейлері суық қару ұстаған жүргізушілерді қылмыстық жауапкешілікке тартты деп жазады NewTimes.kz.
Департаменттегілер оқиғаның 21 қазан күні Райымбек даңғылында болғанын айтады. Жүргізушілер жолға таласқан боп шықты.
«Өткен-кеткен адамдардың бұған бей-жай қарамағынының арқасында қылмыс болмады.
Nissan Maxima автокөлігінің иесі сол кезде қолына баллон кілтін, ал Mercedes автокөлігінің иесі «Премьер 4» пиромеханикалық қаруын алып шыққан», - деп пікір білдірді полиция полковнигі Дархан Мұсанов.
Қазіргі таңда ҚР ҚК 293-бабы 1-бөлігі (бұзақылық) бойынша тергеу басталды. 27 және 28 жастағы екі азаматтың қолындағы қарулары тәркіленді.
Бұған дейін жол ортасында жанжалдасқан екі жүргізуші жайлы жазған болатынбыз.