Жаңалықтар 22.10.2018 сағат 11:42  495

Алматы облыстық ТЖД басшысы екі айға үй қамауына алынды

Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы үй қамауына алынды деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметі.

Алматы облыстық ТЖД басшысы екі айға үй қамауына алынды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Соттағылардың мәліметінше, 19 қазанда Талдықорғанның тергеу соты Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің басшысын 2 айға үй қамауына алу туралы санкция шығарды.

Еске сала кетейік, осыған дейін облыстық ТЖД басшысының пара алды деген күдікке ілінгені хабарланған болатын. 

«Ол Алматы облыстық ТЖД өрт сөндіру және апатты-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің кадр жұмысы бөлімінің басшысынан азаматтарды жұмысқа алғаны үшін 300 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді», – деген еді осыған дейін Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі Жанна Бастарова.

Дереккөз: Tengrinews.kz

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар