Жаңалықтар 22.10.2018 сағат 12:00  539

Шымкентте өрт шыққан үйден ер адамның өлі денесі табылды

Шымкентте көпқабатты үйден өрт шығып, бір пәтердің жатын бөлмесіндегі үй заттары жанып кеткен. Өрт сөндіру қызметі бөлмелерді қарау барысында ер адамның мәйітін тапты деп жазады ҚазАқпарат.

Шымкентте өрт шыққан үйден ер адамның өлі денесі табылды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қалалық ТЖД мәліметінше, Қабанбай батыр көшесіндегі төрт қабатты үйден өрт шыққаны туралы хабар күндізгі сағат 12-00-дер шамасында түскен. «Оқиға орнына 15 сөндіруші мен 4 техника жұмылдырылды. Өрт 12:17-де ауыздықталып, сағат 12:27-де толық сөндірілген. Оқиға орнында 1951 жылы туған ер азаматтың (мүгедек) қайтыс болғаны анықталды. Қазіргі таңда өрттің шығу себептері тексеріліп жатыр»,- делінген хабарламада.

 

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар