$ 495.2  522.34  4.94

Нұрислам Санаев еркін күрестен әлем чемпионатында күміс алды

Будапеште өтіп жатқан күрес түрлерінен әлем чемпионатында қазақстандық Нұрислам Санаев еркін күрестен 57 келіде күміс алды деп жазады Азаттық.

Ол финалда ресейлік 23 жастағы Заур Угуевтен жеңілді. 27 жастағы Санаев жартылай финалда 2017 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Томас Гилманнан (АҚШ) 11:0 есебімен басым түсті. Ал бірінші белдесуінде самоалық Джош Файлауганы 10:0, одан кейін украиналық Армен Аракелянды 10:0, ширек финалда түркиялық Сулейман Атлыны 11:6 есебімен жеңді.

Нұрислам Санаев Ресейдің Тува қаласында туған. 2014 жылға дейін Ресей құрамасында күрескен. Ал 2014 жылы Қазақстан мен Ресей күрес федерациясының келісіміне сай, ол Қазақстан құрамасына ауысқан. Балуанның шын есімі - Артас Санаа. Қазақстан құрамасына ауысып, осы елдің төлқұжатын алғанда есімін «Нұрислам Санаев» деп өзгерткен. 2014 жылы Ташкентте (Өзбекстан), 2015 жылы Лас-Вегаста (АҚШ) өткен әлем чемпионатында 5-орын алып, 2016 жылғы Рио олимпиадасына жолдама иеленген. Бразилиядағы ойындарда бірінші айналымда жеңіліп қалған.

Санаев 2018 жылы Бішкекте өткен Азия чемпионатында алтын алған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары