$ 481.84  531.33  5.07

Қостанайда 18 жастағы бозабала жоғалып кетті

Қостанай тұрғыны Антонина Бурлакова ұлының жоғалып кеткенін айтып alau.kz редакциясына хабарласты.

18 жастағы Сергей Бурлаков 20 қазанда үйінен шығып кеткен. Анасының айтуынша, ол Садчиков ауылындағы дос қызына кетіпті.

«Қыздың анасымен сөйлестім. Олар ұлымды Қостанайға салып жіберген. Бірақ үйге әлі келмеді. Хабарласпаған жерім қалмады. Оның жұмыс істейтін жерінен де сұрадым. Қайда хабарласып, сұрасам да ұлым еш жерде жоқ. Қатты уайымдап жатырмын», – дейді жоғалып кеткен бозбаланың анасы.

Сергей қалта телефонын үйге тастап кеткен. Үстіне қара күртеше, трико және көк түсті кроссовки киген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары