$ 489.06  536.21  5.05

Павлодар облысында қоқыстан табылған сәбидің анасы студент екені белгілі болды

Павлодар облысының Ақсу қаласында жаңа туған баланы анасы далаға тастап кетті деп хабарлады Павлодар облысы ІІД-нің баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, 21 қазанда жаяу жүргіншілер қимылсыз жатқан нәрестенің денесін тауып алған. Тәртіп сақшылары жаңа туған нәрестенің анасы кім екенін лезде анықтады.

Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Темірғалиева агенттікке хабарлағандай, баланың анасы Ақсу қаласындағы колледждердің бірінің студенті болып шықты.

 «Баланы үйде босанған. Өзі Ефремовка кентінен келген екен, сабақ кезінде Ақсудағы ағасының үйінде тұрған. Туыстарынан жүктілігін жасырған. Гинекологта есепте болмаған. Бала өмірге аман-сау келген, салмағы 3 кг 450 грамм және бойы 51 см болған. Қазір жас босанған қыз Ақсу қаласының орталық ауруханасына жатқызылды, онда оған гинеколог пен психолог көмек көрсетуде», – деді ол.

Студент балаға неліктен қатыгездік танытқаны тергеу барысында анықталады.   

Дереккөз: Sputniknews.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары