Жаңалықтар 23.10.2018 сағат 11:16  660

Тұрсын Алагөзовтің қызы атасы отырған пәтерді қайтып өзіне алды

Тұрсын Алагөзовтің қызы Амина Марат атасы Тұрым Алагөзовты пәтерден көшіру туралы сотта жеңді деп хабарлайды Жоғарғы сот сайты.

Тұрсын Алагөзовтің қызы атасы отырған пәтерді қайтып өзіне алды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Алматы қаласының Медеу аудандық сотының мәліметінше, талапкерден Түлебаев көшесіндегі пәтерде уақытша тұрып жатқан жауапкер Тұрым Алагөзовтің үйді босатуы туралы арыз түскен.

Сот Амина Мараттың атасы Тұрым Алагөзовты пәтерден қуу туралы талабын мақұлдады. Алайда, арызда ол пәтерде басқа адамның тұрып жатқаны туралы мәлімет көрсетілмегендіктен, оны ол жерден қуып шығу талабы қанағаттандырылмады.

Қазір Амина банктегі қарызын төлеу үшін пәтерді сатуға қойған.  

Айта кетсек, мұның алдында Тұрым Алагөзов өзін пәтерден қуып жатқаны туралы желідегі парақшасында жазған болатын. Сондай-ақ, әкесінің тегін ауыстырған немересі Аминаны сатқын деп атаған еді.

Аминаның ағасы Марат та әкесі Тұрсын Алагөзовты тұрып жатқан пәтерінен қуып шыққан болатын.

Дереккөз: Nur.kz

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар