$ 481.84  531.33  5.07

Клуб алдында төбелескен Жанқош Тұраров сотта жауап берді

Белгілі қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров сот алдында жауап береді деп жазады ҚазАқпарат.

Спортшыға бірнеше адаммен бірігіп бұзақылық жасады деген айып тағылып отыр.

«Сот кабинеті» ресурсындағы ақпаратқа сүйенсек, əкімшілік іс Алмалы аудандық сотында қарастырылып жатыр.

«Іс материалдарына сəйкес, 2018 жылдың 25 мамырында кешкі сағат 19:00-дер шамасында Ж.Тұраров мен Д.Махамбет «SkyBar» түнгі барына достары Отарбаевпен жолығуға келген. Түнгі клубқа кіре берісте Тұраров пен клубтың қауіпсіздік қызметкерлері Алқожаев пен Жарылқасынов сөзге келіп қалған. Екі арадағы дау-жанжал басылмай керісінше үдей түскен. Көп ұзамай жігіттер клуб сыртындағы аулалардың біріне беттеген. Жарылқасынов бірінші болып Тұраров жаққа травматикалық тапаншадан бір рет оқ атады. Сонда сырттан бақылап тұрған Отарбаев «Streamer» травматикалық тапаншасынан бірнеше рет оқ атқан. Оқ атудан соң жастар жұдырықтасуға көшкен», - деді Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі.

Қазір əкімшілік сотта ҚР ҚК 293 - бабының 2 - бөлімімен, 287 - бабының 2 - бөлімімен Алқожаев, К.Отарбаев, Н.Жарылқасынов жауап беріп жатыр. Ал Тұраров пен Махамбетке ҚР ҚК 293 - бабының 2 - бөлімі бойынша айып тағылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары