Жаңалықтар 24.10.2018 сағат 04:16  494

Трамп трансгендерлер құқығын басқа адамдармен бірдей қорғауға уәде берді

АҚШ президенті Дональд Трамп трансгендерлер мен өзге жыныстық азшылық өкілдерінің құқықтарын басқа адамдармен бірдей қорғауға уәде берді деп хабарлайды Reuters агенттігі.

Трамп трансгендерлер құқығын басқа адамдармен бірдей қорғауға уәде берді
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Бұған дейін New York Times басылымында Ақ үй әкімшілігі адамның туған кездегі жынысы өмір бойы сақталатындай шаралар жасайтыны туралы мақала жариялаған. Яғни, адам туған кездегі жынысын келешекте құжатында өзгерте алмайды. Бұл ұсынысты сынайтындар ол өзін жыныстық азшылық өкілімін деп санайтындардың құқықтарын шектейді деп алаңдайды.

Былтыр тамызда Дональд Трамп Барак Обаманың трансгендерлердің әскерде қызмет етуіне берген рұқсатын жойған. Бірнеше айдан соң АҚШ соты Трамптың бұл шешімінің қүшін тоқтатқан. Дегенмен, 2018 жылдың наурызында Трамп трансгендерлердің көпшілігінің әскерде қызмет етуі құқығын айтарлықтай шектейтін жарлық шығарған.

Осы айдың басында Нью-Йорк қаласының мэрі Билл де Блазио тұрғындарға жеке құжаттарында «ер» және «әйел» дегеннен өзге «анықталмаған» деп аталатын үшінші жыныс түрін көрсетуге құқық беретін заң жобасына қол қойған.

Дереккөз: Азаттық

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар