Жаңалықтар 24.10.2018 сағат 09:48  674

Жуырда жезтырнақ пен жалмауыз кемпір жайлы фильм шықпақ

Осы жылдың 31 қазанында отандық «Qarakoz» қорқынышты фильмі прокатқа шығады деп хабарлайды «Meloman Entertainment» компаниясының баспасөз қызметі.

Жуырда жезтырнақ пен жалмауыз кемпір жайлы фильм шықпақ
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Аталмыш фильмде басты рөлдерді Бибігүл Ақтан, Әли Оқапов, Роман Жуков, Дарья Александрова, Салтанат Наурыз, Айдос Рысхан, Владислав Букаткин, Алдияр Байракимов пен Азамат Әбділдинов сомдайды. Режиссерлер Сидеренко мен Якобчуктың туындысы қазақтың ескі аңыз-әпсаналарындағы кейіпкерлерге арналған.

«Фильм желісінде қазақ аңыздарындағы үрейлі кейіпкерлер «тіріледі». Олар туралы аңыздар айтылып келеді де, оқиға бүгінгі күнге ауысады. Туындыға қазақ аңыздарындағы Жезтырнақ пен Жалмауыз кемпір, сондай-ақ Қапшағай тас жолындағы елестер арқау болады» делінген хабарламада.

Фильмнің продюсері - И. Махмұтов. Аталмыш қорқынышты фильм еліміздің кинотеатрларында 31 қазанда көрсетіле бастайды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар