«Қазақмыс» корпорациясына тиесілі «Нефаз» автобусының жүргізушісі ер адамды қағып өлтірді деп жазады ekaraganda.kz.
Оқиға Теміртауға 1 шақырым қашықтықта Алматы-Қарағанды тас жолында болған. Жүргізуші рульге ие бола алмай, жол жиегінде тұрған ер адамды басып кеткен. Марқұм сол жерде жан тапсырды.
Қайтыс болған адамның кім екені әлі анықталған жоқ.