$ 514.65  544.6  5.17

Сот «Qazaq Banki» акционерлік қоғамын тарату туралы қаулы шығарды

Алматыда сот «Qazaq Banki» АҚ тарату туралы қаулы шығарды деп жазады ҚазАқпарат.

«Алматы экономикалық мамандандырылған ауданаралық соты ҚР Ұлттық банкінің өтінішін қанағаттандырды. Сот «Qazaq Banki» АҚ мәжбүрлі түрде тарату туралы қаулы шығарды», - деді Алматы қалалық сотының баспасөз қызметінен.

Сонымен қатар, сот аталған дерек бойынша тарату комиссиясын тағайындау туралы қаулы шығарды. Комиссияны құрып, жұмысын жүргізу Ұлттық банкке жүктелді.

Айта кету керек, биыл тамызда Ұлттық банк Эксимбанк пен Qazaq Bankiн банкілік операцияларды жүргізуге лицензиясын қайтарып алған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары