Жаңалықтар 25.10.2018 сағат 07:06  626

Қазақтан сәби сүйген африкалық әйелге министр көмектесетін болды

Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов визасының мерзімі өтіп кеткен Конго азаматы Моника Камукенж Камганза мен үш айлық қызына көмектесуге уәде етті деп жазады Sputniknews.kz.

Қазақтан сәби сүйген африкалық әйелге министр көмектесетін болды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

«Оның мәселесін елшілікпен бірлесіп шешеміз», – деп қысқа жауап берді Қасымов журналистердің сұрағына.

Моника Камукенж Камганза бір жылдан бері Астанада тұрады. Конго азаматы ЭКСПО көрмесі кезінде күнкөріс қамымен келіп, ақыр соңында қалып қойған. 27 жастағы африкалық әйел осыдан үш ай бұрын дүниеге сәби әкелді. Айтуынша, қыздың әкесі қазақстандық.  Сұқбатында Моника Қазақстаннан ешқайда кеткісі келмейтінін айтқан еді.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар