$ 494.87  520.65  4.91

Қытайда әйел балабақшадағы 14 бүлдіршінді пышақтап тастады

Қытайдың Чунцин қаласында әйел ас үй пышағымен 14 бүлдіршінді жаралады.

Жергілікті полицияның мәліметінше, 39 жастағы әйел жұма күні таңертең балабақша қақпасының алдында таңғы жаттығудан келе жатқан бүлдіршіндерге пышақ ала жүгірген. Оқу мекемесінің қызметкерлері мен күзет әйелді ұстап, полиция шақырды. Қазір күдікті қамауда деп жазады РИА Новости. 

Шабуыл салдарынан 14 бүлдіршін жараланып, ауруханаға түскен. 

Әйелдің не себепті мұндай қылмысқа барғаны әзірге белгісіз.

Естеріңізге сала кетейік, осыған ұқсас жағдай АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында болған еді. 52 жастағы әйел балабақшада бес адамды пышақтап тастады, оның үшеуі бала. 

Қанды оқиға егде әйелге шабуылдаудан басталған, оған 31 жастағы ер адам араласқан, оның аяғынан пышақтаған. Содан кейін балаларға шабуылдай бастайды. Бұл кезде бөлмеде тоғыз бала болған. 

Дереккөз: Sputniknews.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары