27.10.2018, 10:25

«Құрбысының үйінде жатқан»: Қостанайда жоғалып кеткен келіншек табылды

Қостанайлық полицейлер із-түссіз жоғалып кеткен Әулиекөл ауданының тұрғынын тапты, деп жазады ҚазАқпарат облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«2018 жылдың 2 қазанында жоғалып кеткен Ольга Сальник табылды. Ол Қостанайдағы құрбысының үйінде болған», - делінген ПД баспасөз хабарламасында.

Айта кетейік, 29 жастағы Ольга Сальник 2 қазан күні Әулиекөл ауданындағы үйінен шығып кетіп, содан қайтып оралмаған. Ол әпкесіне дәріханаға барып келетінін айтқан.