Индонезияда апатқа ұшыраған ұшақта болған жолаушылардың тізімі жарияланды деп жазады РИА Новости.
Бұған дейін 188 жолаушының болғаны хабрланған еді. Олардың 124 ер азамат, 54 әйел екені анықталды. Сондай-ақ, тізімде бір жасөспірім мен екі сәби де бар екен.
Lion Air әуе компаниясының мәліметі бойынша, Boeing-737 ұшағы 2018 жылы шығарылған. Әуе кемесі пайдалнуға 15 тамыз күні беріліпті.
Бхавье Сунейя есімді экипаж командирі алты мың, екінші ұшқыш Харвиньо бес мың сағат әуеде болған тәжірибелі ұшқыштар екен.