Жаңалықтар 29.10.2018 сағат 09:39  410

Елімізде лаңкестерді дайындамақ болған 10 «діндар» ұсталды

Еліміздің бірқатар өңірінде терроризмді насихаттаған 10 адам ұсталды деп жазады ҚазАқпарат. 

Елімізде лаңкестерді дайындамақ болған 10 «діндар» ұсталды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, 27 қазанда Алматы қаласының, Ақмола, Алматы және Қарағанды облыстарының 10 тұрғыны ұсталды.

Оларға интернеттің әлеуметтік желілері мен мессенджерлерінде жүйелі түрде экстремистік контентті тарату жолымен терроризмді насихаттады және діни алауыздықты қоздырды деген күдік келтірілуде.

Діни материалдар орналастырылған чаттар мен қоғамдастықтарда Қазақстанның 15 өңірінің 180-нен астам діндар тұрғындары қатысушы болған.

«Сонымен қатар ұсталған адамдардың терроризмді қаржыландыру мен өзге де көмек көрсетуге жеке қатыстылығы туралы деректер тексерілуде. Тергеу іс-шаралары жалғасуда», – деді ведомстводан.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар