Жаңалықтар 29.10.2018 сағат 12:07  542

Алматы облысында баласы ауруханада қайтыс болған әке дәрігерлерді жарақаттады

Алматы облысындағы Еңбекшіқазақ ауданының орталық ауруханасында баласы қайтыс болған әке дәрігерлерге күш көрсетті. Зардап шеккен дәрігерлерге алғашқы көмек көрсетілген, бірақ ауруханаға жатқызылмаған деп жазады ҚазАқпарат.

Алматы облысында  баласы ауруханада қайтыс болған әке дәрігерлерді жарақаттады
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Ал көз жұмған 2004 жылғы бала  28 қазанда жансақтау бөлімінде қайтыс болған.

«2018 жылдың 26 қазан күні баланың әкесі Мұсаханов К реаниматолог консультантының денесіне зақым келтіріп, кезекші реаниматолог Ашенов С, директордың орынбасары Д. А. Айтжановқа сес көрсетіп, суық қарумен денесін жарақаттады. Осы жағдай бойынша Еңбекшіқазақ ауданының  Полиция бөліміне өтініш түсті», – делінген облыстық Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің таратқан ақпаратында.

Аталған ведомстваның мәліметінше, көз жұмған 2004 жылғы бала 26 қазан күні тамақтан уланып  ауруханаға түскен. Науқасқа «Бактериалды тамақтан улану», «Жедел инфекциалды миокардит», «ІІІ-ші дәрежедегі инфекциалық-токсикалық», «Респираторлы РДС ІІІ-дәрежесіндегі синдром» атты диагноз қойылған. Алайда, науқас екі күннен кейін көз жұмған.

 Дәрігерлердің айтуынша, медицина қызметкерлері баланың өмірін аман алып қалу үшін жанталасып жүргенде, баланың әкесі медицина қызметкерлеріне дөрекілік танытқан. Олардың сөзінше, соңғы кезде медицина қызметкерлеріне дөрекілік танытып,  күш  көрсету жиілеген.

«Осыған байланысты Еңбекшіқазақ ауданының орталық ауруханасы БАҚ құралдары арқылы қоғамға  дәрігерлердің қауіпсіздігіне, дәрігерлердің дәрежесін көтеруге назар аудартқысы келеді. Дәрігерлер науқастардың өліміне жол бермей, олардың  өмірін сақтап қалуға барынша тырысатынын жеткізеді», – делінген ведомстваның мәліметінде.

Ал облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі қайтыс болған баланың анасы медицина қызметкерлерінің үстінен арызданғанын жеткізді. Қазір осы оқиғаға байланысты ҚР ҚК 317-бабы бойынша іс қозғалып, сот алды тергеу басталған.

Сондай-ақ, дәрігердің бірі  полицияға қайтыс болған баланың әкесінің үстінен арыз түсірген. Медицина қызметкерінің сөзінше, баланың әкесі оған дене жарақатын салған. Осы іске байланысты ҚР ҚК 293-бабы «Бұзақылық» бойынша тергеу басталған. 

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар