Қазақстандықтар биыл Құрбан айтта бір күн демалады, - деп хабарлайды egov.kz электронды үкіметі.
Биыл мұсылмандардың Құрбан айт мерекесі 24 қыркүйектен басталады. Яғни отандастарымыз бейсенбі, 24 қыркүйек күні демалады.
Құрбан айт мейрамы жыл сайын мұсылман күнтізбесі бойынша зуль-хиджа айының оныншы жұлдызында басталады. Шариғат бойынша Құрбан айтта мұсылмандар құрбан шалады. Шамасы келгендер қажылық өтейді. Айт күндері мұсылмандар бір-бірін құттықтап, туыс-таныстарының үйін аралайды, дастарханнан дәм татады. Бұл күні әр мұсылманның үйінде мерекелік дастархан жайылады.