$ 494.87  520.65  4.91

Атырау облысының теміржолшылары жалған дипломмен жұмысқа кірген

Атыраудың көлік прокуратурасы теміржол саласы жұмысшыларының жалған диплом пайдалануының 18 фактісін анықтады деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының ресми сайты.

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, теміржол саласының бірқатар қызметкерлері жұмысқа орналасу және қызметтен ауысу кезінде Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясын бітіргені туралы жалған құжаттарды пайдаланған.

Олардың арасында тасымалдау процесін ұйымдастыруға және теміржол көлігінде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты бөлім басшылары да бар.

Кейбіреулері теміржол локомотивін басқарған, желіні жөндеген, күрделі жөндеуден өткен жылжымалы құрамдарды қабылдап отырған.

«Жалған диплом пайдаланған тұлғалардың қызметтері төмендетіліп, өзге жұмыстарға ауыстырылды», - делінген Бас прокуратураның хабарламасында.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары