$ 495.2  522.34  4.94

Қосатанай облысының тұрғыны ауылдасын бауыздап, мәйітін жертөлеге лақтырып тастады

Денисов ауданындағы Окраинка ауылының 31 жастағы тұрғыны жалғыз тұратын зейнеткерді бауыздап, артынша мәйітін жертөлеге лақтырып тастаған деп жазады kstnews.kz.

Сол күні Азамат Т. сау болмаған. Сөйтіп алкогольдік ішімдік іздеген ол зейнеткерге келіпті. Алайда, қария оған ақша беруден бас тартқан. Сол кезде қылмыскер зейнеткердің басынан табуретпен бірнеше рет ұрып, тамағын кесіп, ары қарай мәйітті жертөлеге лақтырған.

Ісін бітірген соң айыпталушы үйдегі 26 620 теңге мен ұялы телефонды ұрлап кеткен. Алайда, полиция қызметкерлері жедел-іздестіру кезінде қылмыскерді сол түні-ақ ұстады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары