$ 514.65  544.6  5.17

Алматы облысында жасөспірім бала гамбургерден уланып қайтыс болды

Алматыда 14 жастағы бала гамбургерден уланып қайтыс болды. Жасөспірімді ата-анасы дәрігерге уақытылы жеткіздік дейді. Алайда олар алғашында науқасты қабылдамай, тым кеш болғанда бір-ақ қимылдап, ауруханада баладан айрылып қалған деп хабарлайды КТК арнасы.

25 қараша күні Жаннұр Ержігіт далада ойнап келген соң анасына жүрегі айнып, өзін жайсыз сезініп тұрғанын айтады. Әйел оны бірден емханаға жеткізіпті. Ондағылар науқасқа бір екпе салып, үйіне қайтарған.

Алайда баланың жағдайы одан сайын нашарлай берген соң оны әкесі дәрігерлерге сүйреп келеді.

Тек осыдан кейін ғана нуқасқа көңіл бөлген ақ халаттылар жеткіншекті бірден жансақтау бөліміне жатқызыпты.

Мұнда балаға жасалған ем-дом шаралары көмектеспей, оның демі күрт үзіледі.

Еңбекшіқазақ аудандық орталық ауруханасы мамандарының айтуынша, марқұмның тамақтан улану диагнозы асқынып, ол жүрекке әсер еткен.

«Зерттеулердің қорытындысы бойынша жедел инфекциондық миокардит диагнозы қойылды. Ауруханадан тыс дәрігерлер шақырып, тиісті кеңес алдық. Барлық жағдайды жасап, ем-шара қолдануға тырыстық», - дейді бас дәрігердің орынбасары Дидар Айтжанов.

Осыған қарамастан баланың жақындары оның өліміне дәрігерлер біліксіздігі себеп болды дегенді айтуда.

Себебі жастайынан спортпен шұғылданып келген Ержігіттің жүрегінде ешқандай кінәрат болмаған.

Енді қайғылы оқиғаға нақты не түрткі болғанын тәуелсіз сот-медицналық сараптама нәтижесі анықтайтын болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары