Еліміздің бастысындағы Орал шекара отрядына қарасты «Ақсай-авто» бақылау-өткізу бекетінің шекара жасағы мұнай өнімдерін шекара арқылы заңсыз жолмен алып өтуге тырысқан 54 жастағы Қазақстан азаматын ұстады. Бұл туралы Skifnews.kz ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Вольво» жүк көлігіне шекаралық бақылау жүргізу кезінде салмағы 29 тонна шайыр (мастика, «жол эмульсиясы») анықталды.
Машинаға артылған жүктің ілеспе құжаттарында көрсетілген жүкпен сәйкес келмеуі шекарашылар үшін күдікті болып көрінді, алдына ала болжам бойынша еліміздің аумағында тасымалдауға тыйым салынған мұнайлы битум болуы мүмкін.
Аталған істің материалдары ҚР Қылмыстық кодексінің 197 бабының 1 бөлігі бойынша рәсімделіп, Батыс Қазақстан облысының Кіріс департаментіне жолданды.
Естеріңізге сала кетелік, осыдан бір күн бұрын Орал шекара отрядына қарасты «Сырым-авто» бақылау-өткізу бекетінің (Батыс Қазақстан облысы) шекара наряды елімізге мұнайлы битумды заңсыз жолмен өткізуге тырысқан Ресей Федерациясының екі азаматын ұстаған болатын.
«Скания» және «МАЗ» жүк көліктерін шекаралық тексеруден өткізу кезінде аталған екі азамат жалпы салмағы 51 тонна болатын мұнайлы битумға қатысты құжаттарды көрсете алмаған.
Ұсталған жүк ҚР Қылмыстық кодексінің 197 бабының 1-тармағы бойынша рәсімделіп (мұнайды және мұнай өнімдерін тасымалдау, сатып алу, сату, сақтау, сондай-ақ құжатсыз мұнайды өңдеу), материалдар Батыс Қазақстан облысының Мемлекеттік кіріс департаментіне жіберілді.