Салқын атмосфералық ағындар Қазақстан аумағы арқылы өтіп, жаңбыр жауып, ауа температурасы күрт төмендейді.
Қазгидрометтің мәліметінше кеше ғана Республиканың шығыс және оңтүстік облыстарында күн шуақты болып, күндіз ауа температурасы 30-35 градус жылы болса, ертең, 3 қыркүйекте жаңбыр жауып, салқын түседі. Осындай күн райы мұнда келесі екі тәулік бойы сақталады.
Қазақстанның қалған аумағында да күн салқындап, кейбір жерлерде жаңбыр жауады. Республиканың солтүстік және орталық облыстарында түнгі сағаттарда қатты суық түсуі күтіліп отыр.