$ 494.87  520.65  4.91

Павлодарда көлік арнайы жолақтан өткен оқушыны қағып кетті

Павлодарда автокөлік жаяу жүргіншілерге арналған жолақтан өткен оқушыны қағып кетті деп жазады pavon.kz.

Жол апаты 30 қазанда Тәуелсіздік көшесінде болған. Көлік жүргізушісі оқиға орнында тоқтап, дереу жедел жәрдем шақырған.

2006 жылы туған қыз облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, оқушыға жұмсақ тіннің жарақаты диагнозы қойылған.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғасына қатысты тексеру жұмыстарын жүргізуде.   

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары