$ 442.05  474.14  4.74

Алматыда «Қазақфильм» жанында өрт шықты

Алматыда «Қазақфильм» киностудиясының ғимараты аумағында өрт болды деп хабарлайды ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті.

«Бүгін, сағат 16:56-да Өртке қарсы күрес қызметінің пультіне «Қазақфильм» аумағында декорация өртеніп жатқаны туралы ақпарат түсті. Жалын аумағы 50 шаршы метрді құрады. Өрт сөндірушілердің алғашқы тобы 17:04-те жетті. Тілсіз жаудың таралуы 17:11-де тоқтатылып, 17:20-да толығымен ауыздықталды», – деп хабарлады ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.

Комитеттің хабарлауынша, жалынмен күреске 12 өрт сөндіруші мен 3 техника жұмылдырылды. Оқиға салдарынан құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. 

Дереккөз: ҚазАқпарат

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары