$ 494.87  520.65  4.91

Еліміздің басым бөлігінде жел тұрып, көктайғақ болады

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы сақталып, жауын-шашын түседі. Тек Республиканың батысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Кей жерлерде жел күшейіп, тұман, көктайғақ, бұрқасын болады. Бұл туралы Қазгидромет хабарлайды.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын болып, тұман, көктайғақ күтіледі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ сақталады, түнде және таңертең желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді, бұрқасын болады.

Қарағанды облысының кей жерлерінде көктайғақ, бұрқасын болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с деңгейінде сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жел күшейіп, екпіні 15-20 м/с-ға жетеді, түнде кей жерлерінде бұрқасын болады.

Жамбыл облысында таңертең және күндіз тұман болады, күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Қызылорда, Павлодар облыстарында, күндіз Алматы, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз желдің жылдамдығы 15-22 м/с-ға дейін күшейеді.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде түнде тұман күтіледі. Атырау облысының кей жерлерінде түнде көктайғақ болады.  

Дереккөз: ҚазАқпарат

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары