Бұған дейін Қарағанды облысы Балқаш ауданында 34 жастағы әйел мен 45 жастағы ер адамды үйінде өлтіріп кеткені жайлы жазған болатынбыз. Осы іске қатысты күдіктінің кім екені белгілі болды деп жазады orken-media.kz.
Оқиға 29 қазан күні болған. Пышақ жарақатын алған әйелі мен күйеуі үйден өлі табылған. Құқық қорғау органдары күдіктінің кім екенін анықтады.
Іздеу шарасы жүргізіліп жатыр. Жергілікті полицейлер осы оқиғаға қатысты «Екі не одан да көп адамды өлтіру» бабы бойынша іс қозғады.
«Іс тіркеуге алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Сараптама тағайындалды», - дейді Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз хатшысы Жанатай Сембеков
Instagram әлеуметтік желісіндегі go_balkhash тобында қайтыс болған ер адамның Балқаштағы қойманың бастығы екені жазылған. Сондай-ақ күдіктінің суреті де жарияланған. 1991 жылғы сол жердің жергілікті тұрғыны екен.