$ 494.87  520.65  4.91

«Жігіт қорқып отыр ғой»: Атышулы Замира сүйіктісін көрсетті (ВИДЕО)

Бейәдеп қылықтары мен былапыт сөздері арқылы көпке танылған Замира Сұлтан сүйіктісін көрсетті. Видео Instagram әлеуметтік желісіндегі qaz_stars тобында жарияланды.

«Бүгін менің белім ауырып қалды. Тамақ істемедім. Палау жегім келді. Менің жаным палау әкеп берді. Рахмет», - деп Замира камераны сүйіктісіне бұрды. Әлгі жігіт болса, «Қалаулым» жұлдызының жәй ғана қолын сүйіп қойды.

Желі қолданушылары Замираның жеке өміріндегі өзгеріске аса риза бола қоймады.

«Жігітке обал. Есі жоқ еркек екен өзі де», «Жігіт қорқып отыр ғой», «Тастай батып, судай сің», - деп жазды олар.

Еске сала кетейік, Замира Сұлтанның бұған дейін сиыр сауып отырған суреті желіде қызу талқыланған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары