$ 494.87  520.65  4.91

«Суицид жасаса кім жауап береді?»: экс-депутат Бердіоңғаров бойжеткеннің суретін желіге жүктеп келеке еткен

Танылмал тележүргізуші Бибігүл Дәулетбек бойжеткеннің суретін жариялап, мазақ қылған экс-депутат Бердоңғаровқа шүйлікті. Бұл туралы ол өзінің Instgram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

«Міне, біздің билік басында отырған еркексымақтардың сиқы! Мына қызды дүйім жұрттың алдына жариялап, бетін көрсеткенде бұрынғы экс-депутат не ұтты?», - деген журналист суреттегі қыздың қылығынан ешқандай әбестік байқамағынын айтады.

Тіпті ұятты нәрсе жасаған күннің өзінде оны масқаралау адамдыққа жатпайды дейді ол.

«Байғұс қыз: «алып тастаңызшы» деп жалынып сұраса, мына кеңкелес оны мазақ етіп отыр. Ұятың қайда кетті сенің Бердоңғаров? Егер осы қыз өзіне қол жұмсаса, кім кінәлі болмақ?!

Осы ма қазақтың еркегінің сиқы? Жөнге салғың келсе өзіңнен баста! Ал мына қызды осылай қорлағаның үшін, рұқсатсыз суретін салғаның үшін заң алдында жауап бересің!», – деп жазды Дәулетбек.

Айта кетейік, Бердоңғаровтың желіге жариялаған суретінде бойжеткен сары көйлек киіп, стаканды аяғына қысып, қол жайып отыр. Суретін алып тастауын өтінген қызды экс-депутат тіпті, келеке еткен. Десе де біраз уақыттан кейін бұл постты автор өшіріп тастады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары