$ 498.34  519.72  4.85

Қостанайда екі зейнеткерді пышақтап өлтірген азамат сотталды

Екі зейнеткерді пышақтап өлтірген Қарасу ауданының тұрғыны 23 жылға сотталды деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметі.

Іс материалдарында көрсетілгендей, қайғылы оқиға 2018 жылғы наурыз айында болған.

«Қостанай облысы Қарасу ауданының тұрғыны алкоголь сатып алуға ақшасы болмай, ішімдік сататын үйдегі ерлі-зайыпты зейнеткерге пышақпен қарақшылық шабуыл жасайды. Ауыр дене жарақаты салдарынан, зейнеткерлер оқиға орнында көз жұмды», – делінген облыстық соттың баспасөз хабарламасында.

Қостанай облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының  үкімімен ер адам кінәлі деп танылды. Оған 23 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. 

Дереккөз: ҚазАқпарат

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары