Әлемге әйгілі боксшы кіші Рой Джонс шымкенттік дәнекерлеушінің шақыртуына өзінің Instagram-парақшасында жауап берді. Мұның алдында дәнекерлеуші сүйікті спортшысын шырайлы Шымкентке қонаққа шақырып, видеоүндеу жолдаған деп жазады Sputniknews.kz.
6-дәрежелі дәнекерлеуші Сергей Бегун-Олегович Рой Джонсты Шымкентте асыға күтеді. Ол осы жылдың жаз айында Қостанай облысында өткен спартакиада кезінде Рой Джонстың қолы қойылған бокс қолғабына ие болған еді.
Сергей сүйікті спортшысының қолғабын сол күннен бастап үйінің төріне іліп қойыпты. Ендігіде ол Рой Джонсты өз үйінде қонақ етіп, қазақ халқының қонақжайлылығын көрсетуді армандайды екен.
«Қазақстанға Алиханмен келген едім. Қолғабымды мына еңбекқор азаматқа шын жүректен тарту етемін», – деп жазды Рой-Джонс өз Instagram парақшасында.
Боксшы Қазақстанға соңғы рет 2016 жылы келген болатын. Ол тілшілермен бірге қала аралап, пойызға да отырып көріпті. Тіпті, тымақ киіп, қазақ тағамының дәмін де татқан екен.