01.11.2018, 06:24

Үш полицей тергеушіні жабылып зорлаған

Уфада полиция бөлімінің тергеушісін зорлауға қатысты қылмыстық іс қозғалды деп хабарлайды Тергеу комитетінің Башқұртстан Республикасы бойынша басқармасы.

Ресейдің Тергеу комитеті Башқұртстан Республикасы бойынша басқармасының Уфа қаласы Киров ауданының тергеу бөлімі РФ ІІМ Уфа ауданы бөлімінің тергеушісіне бірнеше тұлғаның сесксуалды сипаттағы зорлық-зомбылық жасауына қатысты қылмыстық іс қозғаған.

Бастапқы тергеу нәтижелері көрсеткендей, 2018 жылы қазанның 29-ынан 30-ына қараған түні РФ ІІМ Уфа ауданы бөлімінің көші-қон мәселелеріне қатысты бөлімшесінде 23 жастағы қызды үш әріптесі зорлайды.

Қазір күдіктілердің бәрі ұсталды, қылмыстың анық-қанығын білу мақсатында тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Енді полицейлерге қатысты бұлтартпау шарасы таңдалуы тиіс. Ал жәбірленуші қызға сот-медициналық сараптама тағайындалған.

Қылмыстық істі тергеу жалғасуда.

Дереккөз: Sputniknews.kz