$ 448.89  477.93  4.76

Президент Сауд Арабиясының Ішкі істер министрімен кездесті

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қазақстан Президенті екі ел арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға Әбдел Әзиз бен Сауд бен Наифтің зор үлес қосқанын атап өтті.

– Сауд Арабиясы – ислам әлеміндегі біздің маңызды әрі сенімді серіктесіміз. Біз екі мемлекет арасындағы саяси және экономикалық байланыстарды одан әрі тереңдетуге ниеттіміз. Сондықтан мен Сауд Арабиясының Королі Салманды және Тақ мұрагерін Қазақстанға шақырдым, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сауд Арабиясы Корольдігінің Ішкі істер министрі кездесуге мүмкіндік алғаны үшін Мемлекет басшысына ризашылық білдіріп, Қазақстанға Сауд Арабиясының жоғары басшылығының тапсырмасы бойынша келгенін айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары