Алғаш рет жұмысқа қабылданып отырған университет пен колледж түлектері сынақ мерзімінен өтуге міндетті. Бұл өзгеріс жаңа Еңбек кодексінде жазылған, деп хабарлайды 7kun.kz
«Осыдан 1,5-2 жыл бұрын біз Еңбек кодексіне ЖОО немесе колледж түлегін жұмысқа бірден 2 жылға және сынақ мерзімінсіз қабылдануы қажет деген норма енгізген едік. Біз жастарды жұмыспен қамтамасыз етуге арнаулы шара қолданғымыз келді. Жұмыс беруші алдына барған жасты жұмысқа қабылдағаннан кейін арнаулы сынақтан өткізбей, 2 жылға келісім-шарт жасауы қажет. Бүгінде бұл жұмыс беру үшін өте тиімсіз», — деп түсіндірді денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Біржан Нұрымбетов.
Осы арқылы сынақ мерзімі кез-келген санаттағы тұлғалар үшін 3 айға дейін міндетті болады.